Draft:Қадір Әмзеұлы

Қадыр Әмзеұлы (5 қаңтар 1937 жыл,) Киров ауылында (қазіргі Қызылорда қаласына қарасты Ж.Маханбетов ауылы)- жоғары санатты мұғалім, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

Өмірбаяны

edit

Салт-дәстүрге берік аймаққа қарасты ауылда тіршілік ететін қарапайым қазақ отбасыларының ішіндегі үлкен әулеттің қарашаңырағында қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өнегелі тәрбиесімен өседі. Әкесі дүниеден ерте өтіп, асыл анасының қамқорлығында қалады. Анасы Сатыбалды келіні Мағия ақылды да сабырлы, ар-ұяты мол, ұлтымыздың ұлағатты ұғымдарын жете білетін, еңбекті ерекше сүйетін ардақты жандар еді. Колхоздағы қайнаған еңбекке белсене араласа жүріп балаларына еш қиындық көрсетпей, аналық мейірім шуағында тәрбие алады. Мектеп қабырғасындағы ұлағатты ұстаздарының алдында білім нәрімен сусындай жүріп, түрлі білім бәйгелері мен спорт додаларына белсене қатынасып, әркез қатарластарының арасында топ жарып жүреді.

References

edit