Қайрат Құрманбаев (1976 жылы дүниеге келген). Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, Қазақстан Дінтанушылар конгресінің төрағасы, Қазақстан Мұсылмандары діни басқарамасы жанындағы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының тәуелсіз директоры, АҚДМ Қоғамдық кеңес мүшесі, ҚМДБ сарапшылар кеңесінің мүшесі. PhD докторы, доцент. 2001 жылға дейін Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университетінде оқыған. 2001-2002 жылдар аралығынада Триполидағы (Ливия) Бүкіләлемдік Ислам Унтверситетінің екі жылдық колледжін бір жылда бітірген. 2002-2006 жылдар аталған университетті үздік нәтижемен тамамдаған 2007-2009 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Дінтану мамандығы бойынша магистрлік диссертация қорғаған. 2012-2015 жылдары аралығында Нұр-Мүбарак Еггипет ислам мәдениеті университетінде исламтану мамандығы бойынша докторлық диссертацияны сәтті қорғаған. Атқарған қызметтері: 2006-2018 жылдары аралығында Нұр-Мүбарак Еггипет ислам мәдениеті университетінде оқытушы; 2006-2012 жылдары аралығында Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде Аға оқытушы; 2010-2012 жылдары аралығында ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі; 2016-2018 жылдары аралығында Экстремизмнің алдын алу саласында мамандарды қайта даярлау институтының директоры; 2017-2018 жылдары аралығында «Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда Қ. Құрманбаев (2018 жылдан бастап) Нұр-Мүбарак университетінің проректоры және ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі қызметін атқаруда. Ғылыми еңбектері: Қ. Құрманбаевтің Қазақстандық исламтану мектебін қалыптастырудағы рөлі ерекше. Оның осы сала бойынша "Хадис ілімі. Тарихы және әдіснамасы", "Құран ілімдеріне кіріспе", "Ислам тарихы", «Исламдағы адам құқықтары», «Хусам ад-дин әс-Сығнақи еңбектеріндегі «Усул әл-фиқһ» ілімінің лингвистикалық негіздері» және «Мұсылмандар арасындағы талас-тартыстарға жауаптар» атты 20-дан астам монофграфия мен оқу құралдары жарық көрген. Сонымен қатар, Исламдық және дінтанулық зерттеулері саласы бойынша 100-ге жуық ғылыми мақалалар мен зерттеулердің авторы. Қайрат Құрманбаев исламтану саласы бойынша елімізде тұңғыш докторлық диссертация қорғаған білікті маман. Сондай-ақ, Қ. Құрманбаев "Құрмет ордені", "ҚМДБ-ға 30 жыл медалі", "ҚР конституциясына 25 жыл медалі" қатарлы марапттардың иегері. Қ. Құрманбаевтің ресми сайты: www.kairatk.kz